Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді.
15:57 11.04.2019
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр»,-делінген жазбада.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтетінін мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!