Ақтөбеде көп қабатты тұрғын үй өртенді
Өрт сөндірушілердің күшімен 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 20-сы бала.
17:10 11.04.2019
Ақтөбеде тоғыз қабатты үйден өрті шықты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
- 11 сәуір күні сағат 14:26 өртке қарсы қызметінің пультіне Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Анықталғандай 7 қабатта орналасқан пәтердің балконы отқа оранып, жалын көрші пәтердің терезе жақтауына өтіп үлгерген. Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің күшімен 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 20-сы бала. Тілсіз жау сағат 14:40 ауыздықталып, 14:42 толықтай сөндірілді, - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Абырой болғанда қаза тауып, жапа шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамның 29 маманы мен Ақтөбе облысы ТЖД 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!