{metadescription}
Тоқаев өз суреті салынған билбордтарды сынға алды

Тоқаев өз суреті салынған билбордтарды сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауда орнатылып үлгерген, өз суреті салынған билбордтарды сынға алды.

«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай үгіт-насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында. 

Оның айтуынша, билбордтарды Елбасы бастаған мемлекетіміздің нақты жетістіктерін көрсетуге арнау керек.

«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», – деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еске салайық, 11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға жұмыс сапарымен барған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде