{metadescription}
Қазақстан тумасы Эстония астанасының мэрі атанды

Қазақстан тумасы Эстония астанасының мэрі атанды

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Таллин қалалық ассамблеясының төрағасы Михаил Килварт Эстония астанасының жаңа мэрі болып сайланды. 

Таллин қалалық жиналысының кезектен тыс сессиясында депутаттардың көпшілігі Қазақстанның тумасын қолдаған. Сайлауға қалалық жиналыстың 70 депутаты қатысқан. Оның  25-і қарсы болып, 45-і қолдау білдірген. Қалалық жиналыста барлығы 79 депутат бар.

Михаил Килварт — ұлты бойынша кәріс. 1977 жылы Қазақстандағы Қызылорда қаласында дүниеге келген, үш жасынан бастап Таллинде тұрады. Ол спортшы ретінде де белгілі, Эстония таэквондо одағын осы Қазақстанның тумасы құрған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде