Ким Чен Ын Солтүстік Корея басшысы болып қайта сайланды
Ким Чен Ын КХДР-ның мемлекеттік кеңесінің басшысы болып тағайындалды.
14:37 12.04.2019
Солтүстік Корея басшысын КХДР-ның 14-ші Жоғарғы Халық Жиналысының бірінші сессиясында қайта сайланды. Сонымен қатар мемлекет парламенті жаңа премьерді тағайындап, конституцияны қайта қарастырды. Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Пак Пон Чжунды Чагандо провинциясындағы Корея еңбек партиясының бұрынғы комитет төрағасы Ким Чжэ Рен алмастырды.
Қазіргі уақытта конституцияға қандай өзгертулер енгізілгені белгісіз қалып отыр. Пхеньяндағылар бұл туралы мәлімдемеді. Жоғарғы халық жиналысы президиумының төрағасы болып Цой Рен Хэ тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!