{metadescription}
0:000:00

Атырауда қатты желден тұрғын үйдің шатыры көліктерді басып қалды

Атырауда қатты желдің салдарынан тұрғын үйдің шатыры ұшып, автокөліктерге тиген.

Бүгін, шамамен сағат 13.00-де аяқ астынан күшейіп кеткен жел орталықтағы А. Құнанбаев көшесіндегі 100 пәтерлік №19 үйдің шатырын ұшырып, жолдың үстіне түсірді. Салдарынан үш автокөлік жолға құлаған шатырдың астында қалды.

ТЖ салдары Ғаламторда пайда болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Айта кету керек, куәгерлердің айтуынша, арнайы мамандар келгенше оқиға орнындағылар кетіп қалған. Қазір төтенше жағдай туындатқан жайсыздықтың салдарын жойып, қауіпсіздікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде