Шымкентте бүлдіршін улы сұйықтық ішіп қойған
Шымкенттік дәрігерлер тері ісігін кетіруге арналған сұйықтыққа уланған өзбекстандық баланы құтқарып қалды.
17:57 12.04.2019
Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Балдырған абайсызда улы сұйықтықты ішіп қойған. Осыдан кейін ауыр жағдайда Гипербариттік оксигенация орталығына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің айтуына қарағанда, улы сұйықтық баланың ауыз қуысын күйдіріп жіберген.
"Дәріханада папилломаны кетіру үшін "Чистотетел" сұйықтығын сатып алғанбыз. Балам ойнап отырып, байқамай оны ішіп қойған. Қызымның жағдайын көріп, бірден жедел жәрдем шақырдым", - дейді баланың анасы Сарбиназ Аронова.
Қазір науқас жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Зардап шеккен бүлдіршін - Өзбекстан тұрғыны. Ол ата-анасымен бірге Қазақстанға қонаққа келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!