Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды
Алмас Аманқолұлы Оңдақанов ұзақ уақыт бойы аурумен күрескен.
13:31 13.04.2019
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды.
«Көпке дейін сырқаттанып жатқан Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды», - деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов телеграм-каналында.
Алмас Оңдақанов еңбек жолын 1995 жылы бастады. Сол кезде ол Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген. Кейін әртүрлі жылдары ШҚО сыртқы экономикалық байланыс басқармасы хаттама бөлімінің басшысы, Курчатов әкімі аппаратының басшысы, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Алмас Оңдақанов 45 жастағы марқұм Оңдақанов бұл қызметке 2017 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!