Мэлс Елеусізов президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді
«Табиғат» экологиялық қоғамының көшбасшысы бұл үшін барын салатынын мәлімдеді.
13:00 13.04.2019
«Сайлауға өзім барамын. Қазір өткізбесе, біреудің командасына қосыламын. Ештеңеге қарамастан, қатысамын. Өзім үгіт-насихат жүргіземін. Қолдан келсе, ел аралаймын. Мені тоқтатпауға кеңес беремін. Менің заңды құқығым бар. Тіпті, заң өзгерсе де... Мен қоғамдық бірлестікті басқарамын. Ол 90-жылдардың басында тіркелген Қазақстандағы ең алғашқы танымал бірлестік», - дейді Елеусізов.
Мэлс Елеусізов Қазақстан президенті сайлауына екі мәрте түсті: 2005 жылы 0,28% дауыс жинаса, ал 2011 жылы – 1,15%. 2011 жылғы сайлауда ол Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, журналистерге бюллетенін көрсеткен еді.
Мэлс Елеусізов президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді Бұл туралы 9 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Ол сайлаудың ашық және әділ өтуіне кепіл берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!