«Ақ жол» партиясы құрылтай өтетін күнді белгіледі
Бүгін бұл шешімді Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесінің пленумы қабылдады.
15:58 13.04.2019
Бұған дейін «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын президенттік сайлау жөніндегі бастамасын қолдаған болатын.
«Жарғыға сәйкес, партияның сайлауға қатысуы және президенттік сайлауға үміткерлерді ұсыну туралы шешімді тек жоғарғы орган - съезд қабылдайды. Осыған байланысты, Орталық кеңестің пленумы съездің өтетін күнін 24 сәуірге белгіледі. Сондай-ақ, делегаттар өкілдіктерінің нормасын бекітіп, ұйымдастыру мәселелері бойынша бірқатар қаулы қабылдады» делінген хабарламада.
Бүгінде пленумның жұмысы жалғасуда. «Ақ жол» партиясының атынан президенттік сайлауға түсетін үміткерге қатысты ұсынымдарды талқылау жүріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!