Анастасия Галееваның өліміне күдікті ұсталды
Алматы тұрғыны Анастасия Галеева 9 ақпанда Талғар ауданында тұратын құрбысына кетіп, сол күйі жоғалып кеткен еді.
16:33 13.04.2019
«Анастасия Галееваның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1992 жылы туған азамат қамауға алынды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.
Алматы тұрғыны Анастасия Галеева 9 ақпанда Талғар ауданында тұратын құрбысына кетіп, сол күйі жоғалып кеткен еді. Бірнеше күннен соң қыздың туыстары жергілікті полицияға барып, қыздың жоғалып кеткенін айтқан. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстары ғана емес, еріктілер мен Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі (ҚКК) де қосылған.
Айта кетейік, екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның денесі осы аптада Іле ауданындағы арнадан табылды. 22 жастағы бойжеткен құрбысының үйіне кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Жақындары қыздың өліміне достарын айыптады. Достары қыздың өздігінен көз жұмғанын, қорыққандарынан мәйітті жасырып қойғанын айтыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!