Жолдастарымен бәстескен жігіт ұйықтап жатқан қызды зорлап тастады
Австралиялық жігіт қыздың ұйықтап жатқанын пайдаланып, достарымен бәсекеде жеңіске жеткісі келген.
10:08 14.04.2019
Австралиялық крикет ойыншысы Алекс Хепберн ұйықтап жатқан әйелді зорлағаны үшін айыпты деп танылды. Қыз Хепберн және онымен "Вустершир" командасында бірге ойнайтын ағылшын крикетшісі Джо Кларкпен 2017 жылдың 1 сәуірінде бір пәтерде қонады. Ол Кларкпен өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түсіп, ұйықтап қалған.
Австралиялық жігіт сол сәтті пайдаланып, жолдастары ұйымдастырған секс жарыста жеңіске жеткісі келіпті. Ұйқыдан оянып кеткен қыз жігіттің "австралиялық акцентінен" өзімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқан Хепберн екенін түсінеді. Ол бірден полиция шақырады.
Сот шешімі шыққан соң жиырма үш жастағы австралиялық спортшы орындыққа отыра қалып, бетін жауып, жылап жіберген екен. Крикетшінің қандай жазаға кесілетіні 30 сәуірде Херефорд қаласында өтетін сот отырысында белгілі болады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!