{metadescription}
Елордада жеңіл көлік бағанаға соғылып, аударылып түсті

Елордада жеңіл көлік бағанаға соғылып, аударылып түсті

Елордада жеңіл көлік үлкен  жылдамдықпен келе жатып жол жиегіндегі бағанаға соғылды.

«Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 6:30-дар кезінде Қабанбай батыр даңғылы бойында орын алды. Lexus маркалы көлігін 1980 жылы дүниеге келген азамат басқарған. Ол елордадан Қосшы ауылына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші көлік қозғалысы жылдамдығын елемегеннен рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан көлік жолдың жиегіндегі бағанаға соғылды», - делінген Полиция департаменті баспаөз қызметінің берген мәліметінде.

Белгілі болғандай, қатты соққыдан көлік аударылып түсті. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүріп жатыр.

«Оқиға орнында жүргізушіні жедел жәрдем дәрігерлері тексерді.  Денсаулығына зақым келмегендіктен, жүргізуші үйіне жіберілді»,- деп нақтылады баспасөз қызметі.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде