Апатқа ұшыраған ашулы көлік жүргізушісін скотчпен байлап тастаған
Украина астанасы Киевте жанармай құю бекетінің қызметкерлері жол көлік апатын жасаған көлік жүргізушісін скотчпен байлап тастады.
12:28 15.04.2019
Скотчпен оралған ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде жариялануда. Желі қолданушыларының жазуынша, Ford көлігінің мас жүргізушісі жанармай бекетіне бұрылып, Toyota көлігін соққан. Осыдан кейін жүргізуші мен қасында отырған әйел көліктен атып шығып, екінші көліктегі адамдарға жұдырық ала жүрген.
Ал олар болса, ашулы жүргізушіні осындай жолмен сабырға шақыруға мәжбүр болған. Арақтың бос бөтелкесімен айналасындағыларды қорқытқан әйел адам тез арада ашуын басқанымен, ер адам агрессивті қалыптан басыла қоймаған. Оны тек қасындағылар полиция келгенше бағанаға скотчпен байлап, тоқтата алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!