Қазақстанда алдағы күндері күн суытады
16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы төмендейді.
15:08 15.04.2019
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жауын-шашын, жылбысқа қар мен тұман түседі.
«16-18 сәуір күндері бірқатар өңірде ауа температурасы минус 2-ден 10°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда ауа райы құбылмалы болады. Орталық Азия аймағынан жылжитын циклон мен Қазақстанның солтүстік аймағынан келетін суық арктикалық фронт ықпалынан жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты найзағай ойнайды», - деп ескертеді синоптиктер.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6°С-қа төмен болады, ал оңтүстікте нормаға дейін төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!