Отбасындағы ұрыс нәтижесінде ерлі-зайыпты зор байлыққа кенелді
Кездейсоқ сатып алған лотерея билеті отбасыға қомақты олжа әкелді.
10:02 16.04.2019
Австралиялық ерлі-зайыпты ренжісіп қалғандарының арқасында лотереядан қомақты ұтыс иеленді. Батыс Австралиядағы Олбани қаласында тұратын құмар ойынға әуес ерлі-зайыпты әрқашан екі адамға бір лотерея билетін сатып алады екен. Алайда бұл күні екеуі ренжісіп қалып, жеке-жеке лотерея ойнамақ болады.
"Күйеуімнің билет сатып алғанын көріп, ұтыс нәтижесін білмек болдым", - дейді әйел адам.
Ол сауда орталығына барып, тағы бір билет сатып алады. Негізінде келіншек бұл лотереяға қатыспайтын көрінеді. Бір қызығы, кездейсоқ сатып алынған билет отбасыға 717,5 мың доллар олжа әкелді. Жеңімпаздар ақшаны қайда жұмсайтындарын айтқан жоқ. Оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеолардан шіркеудегі қалың түтінді байқауға болады. Кадрларға сәйкес, ғимараттың бір бөлігінің жоғары жағы отқа ораныпты.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!