Құдай ана шіркеуіндегі өрт сөндірілді
Қалыпқа келтіру жұмыстарына 100 млн еуро бөлмек.
08:37 16.04.2019
«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.
Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған баслылымның хабарлауынша, өрт тек «ішінара сөндірілген». Өрт туралы хабарланғаннан кейін тарихи ескерткішті қалпына келтіруге жұмсалатын қаражатты жинау туралы ақпарат жарияланған. Сөйтіп, мұндай соманы тарихи ескерткішті қайта жаңартуға француз кәсіпкерлер жанұясы-Пино миллиардерлері бөлуге дайын. Франциялық миллиардердің жанұясы күні кеше өртеніп кеткен Париж құдай анасы шіркеуін қалыпқа келтіру жұмыстарына 100 млн еуро бөлмек.
Кәсіпкер Франсуа-Анри Пино журналистерге әкесі Франсуа Пиномен бірге Artemis компаниясының қорынан 100 млн еуро қайырымдылыққа дайын екенін хабарлады. Кәсіпкерлер Gucci, Yves Saint Laurent және басқа да бірнеше киімдер брендіне ие.
Еске сала кетейік, Франция астанасы Парижде әйгілі Нотр-Дам ғимараты өртенген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!