Таразда ғимараттан секірмек болған қызды аман алып қалды
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өзіне қол жұмсамақшы болған қызды аман алып қалды.
16:44 16.04.2019
2019 жылғы 15 сәуірде, сағат 17.00 шамасында Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісіне «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында, Королева көшесі бойындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттан белгісіз бойжеткеннің секірмек болғаны туралы хабарлама түскен. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінен 19 қызметкер және 5 техника жіберілген.
«Оқиға орнында жеке құрам құтқару қалқасын орнатты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Азамат Көпбосынов 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды», - деді ол.
Осыған ұқсас жағдай Созақта болған болатын. Түркістан облысы полицейлері өзін-өзі өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!