{metadescription}
Төсекте керілмекші болған бойжеткен сал болып қалды

Төсекте керілмекші болған бойжеткен сал болып қалды

Керіліп, мойынын қытырлатып үзбек болған 23 жасар Лондон тұрғыны төсекке таңылды.

Натали Куницки ұйықтар алдында орнынан тұрып, аяқ-қолын созып, керіліп алмақшы болады. Мойнын қытырлатқанда қатты дыбыс шығады. Бірақ қыз оған онша мән бермеген. Төсекке жатып, біраз уақыттан кейін қозғалайын десе сол аяғы жансызданып қалғанын байқайды. Қыз бірден жедел жәрдемге телефон соққан.

Ауруханада оған компьютерлік томография жасалып, нәтижесінде қыздың инсульт алғаны анықталады. Қыз төсекте жатып керілген кезде омыртқадағы қан тамырын зақымдап алған екен. Соның салдарынан оның миында қан ұйып қалып, инсульт алуына себеп болыпты. Салдарынан қыздың сол жағы істемей қалды.

"Мен темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, отбасымда ешкім инсультпен ауырмаған. Сондықтан бұл мен үшін мүлде түсініксіз жайт. Жай ғана төсекте жатып, осылай болып қалам деп кім ойлаған", - дейді Натали.

Денесінің сол жақ бөлігін басқара алмай қалған қыз артынша емдік гимнастика жасаған. Бар уақытын жаттығуға жұмсаған Натали наурыз айының соңында аяқ-қолының сезімталдығы қайта пайда болғанын сезген. Қазір ол өздігінен киініп, 5 минуттай жүріп-тұра алатын халге жеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде