{metadescription}
Өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алған әйел темір торға қамалды

Өзін зорлаған ер адамнан аяусыз кек алған әйел темір торға қамалды

Ресейлік әйел танысымен сыбайласып, ауыр қылмыс жасаған.

Чувашия тұрғыны өзін зорлаған ер адамды өлтіргені үшін сот алдына келді. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайтында хабарланған. Былтыр ақпан айында ер адам әйелді зорлап, жәбірленуші кек алуға бекінеді. Ол танысымен бірге өзара келісіп, зорлықшының пәтеріне келіп, ер адамды елсіз жерге алып барады да, ұрып-соғып, металл сыммен қылқындырады, деп жазады sputniknews.kz. Ер адам жан тапсырған соң, екеуі оқиға орнынан қашып кеткен.

Бір ай өткен соң қаза тапқан ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз береді. Марқұмның денесі сәуір айында қар еріген шақта бір-ақ табылыпты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

Сот істің екі фигурантын да қамауға алды. Кісі өлтіру бабы бойынша айыпты деп танылған сотталушы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде