«Жолымыз болсын» деп ұшақ моторына тиын лақтырған жолаушы құрықталды
Әйел ұшақ моторына тиын лақтырған.
10:36 17.04.2019
«Жолымыз болсын» деп ұшақ моторына тиын лақтырған жолаушы ұсталды. Аталмыш жаға ұстатарлық оқиға Қытай еліне қарасты Tianjin Airlines компаниясының ұшақтарының бірінде орын алған. Ұшақ моторына тиын лақтырып тұрған әйелді жолаушылар көріп, дереу қауіпсіздік қызметіне хабарлаған. Артынша құрықталған әйел ұшақтың аман есен ұшуын дұға тілеп, артынша тиын лақтырғанын мойындаған.
Құқық қорғау органдары 66 жастағы әйелдің «сәттілік үшін» деп тиын лақтырғанын анықтады. Тиындардың барлығы табылды, бірақ қауіпсіздік үшін ұшақ ауыстырылған. Тәртіп бұзушыны тергеу үшін ұстап қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!