{metadescription}
Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

Түркістан облысында кішкентай қызды өгей анасы қысқышпен қинаған

Өңірдегі ауыл мектебінің мұғалімі оқушының денесінен көгерген жерлер мен соққылардың ізін көріп, полиция шақырған.

Қазір қылмыстық іc қозғалды. Қыздың өгей анасы полицияға жеткізілді. 

«Сорақы жағдай тіркелді - өгей анасы баланы ұрған, пышақ, қысқыштан алған жарақатының іздері бар. Істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алды. Дерек бойынша егжей-тегжейлі тергеу болып жатыр», - деп хабарлады министрлік.

«Жұлдыз өгей балалардың тілдерін қысқышпен қысып, аяқтарына пышақ тығып қорлайды екен. Қыздардың денесінің сау-тамтығы жоқ. Әкелері таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Ол жұмыстан келген кезде тамағына ұйықтататын дәрі қосып беріп, ұйықтатып тастайды екен. Қыздарды ваннаға суық су құйып жатқызып қояды екен», - деп жазды туралы қоғам белсендісі Эльмира Ешниязова.

Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде азап шеккенін растады. Қазір қыз бала әжесімен тұрып жатыр.  Ендігі қыздардың туыстары өгей ананың жазасын алғанын қалап отыр.  Министр Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.