«SportFEST» Қазақстан республиканың үздік спортшыларын іздеуді жалғастыруда
Осы күндері Қазақстанда өтіп жатқан жастар әуесқой командаларының жыл сайынғы жарысы сегіз өңірді қамтыды.
15:07 17.04.2019
Жақында «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының командасы Ақтөбе, Павлодар және Алматы облыстарында болды. Жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені танымал етуге бағытталған ауқымды жобадағы үздік атағы үшін осы өңірлерде 2003-2005 жылдары 46 ауданның оқушылары жарысты – бұл 1500 мыңнан астам оқушы.
«Мен тоғызыншы сыныпта оқимын. Мен «Спортфест» туралы естідім, Instagram-да қадағаладым, маған балалар арасында осындай жарыстар өткізетіні ұнайды. Бұл өте қызықты. Осындай жобаларға назар аударатын ұйымдастырушыларға рахмет. «Спортфест» балаларды спортпен айналысуға және үлкен жеңістерге жетуге ынталандырады. Біздің команда финалға өтеді деп үміттенемін, және біз республикалық жарыстарда қаламыздың намысын қорғауға барамыз», - дейді Павлодар қаласының №39 мектебінің оқушысы Камиля Толканова.
«Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры» ұйымдастырған Жастар спартакиадасының қатысушылары спортпен шұғылданбайтын балалар арасында өтеді. Әр облыстан алты команда финалға жолдама алды. Енді олар жазда Щучинск қаласында Қазақстандағы ең Спорттық оқушылары атағына күреседі.
Ең ауқымды спартакиаданың қорытынды ойындарына 48 команда қатысты. Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» республиканың үздік спортшыларын іздестіруді жалғастыруда. Алда елдің тағы 9 аймағы бар.
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы екі кезеңнен тұрады. Алдымен облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар құрама командалары арасында Барлық облыстар мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумағында өтетін өңірлік жарыстар өтеді. II кезеңге облыстың немесе Республикалық маңызы бар қаланың атынан әрбір спорт түрі бойынша жеңімпаздар қатысады.
Айта кетерлігі іріктеу сынындағы жарыстардан соң барлық спорттық құрал-сайман (теннис үстелі, доптар, қолданбалы ойындар) мектепке тарту етіледі. Мысалы, Ақтөбе облысында - Алға ауданының Маржанбұлақ орта мектебі және Үшқұдық орта мектебі, Павлодар облысында – № 35 ЖОМ және № 14 ЖОМ, Павлодар қ., ал Алматы облысында спортинвентарь № 28 IT-мектеп алды.
«SportFEST Kazakhstan» - бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған біріңғай жоба.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!