Қазақтың әншісі әуежай қызметкеріне қол көтерген
Келеңсіз жайт Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болған.
15:44 17.04.2019
«Дос Мұқасан» тобының солисі дауға қалды. Эйр Астаны баспасөз қызметі компания қызметкеріне қол жұмсалғанын растады.
«14 сәуірде «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы КС 852 рейсінен бұзақы жолаушы шеттетілді. Мұрат Құсайынов дауыс көтеріп, былапыт сөздер айтқан. Экипаж оның ұшаққа мінуіне тосқауыл қойған соң, мінезді жолаушы компания қызметкерлерінің көз алдында жолаушыларға қызмет көрсететін қызметкеріміздің маңдайынан ұрды. Денсаулығына зиян келтірді. «Эйр Астана» әуе компаниясы жәбірленген қызметкерін жан-жақты қолдайды», – деп хабарлады Эйр Астана.
Компания зардап шеккен қызметкеріне барлық көмекті көрсететінін атап өтіп, «Дос Мұқасан» тобының мүшесі заң алдында тиісті жазасын алатынын мәлім етті.
«Әуекомпания Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы полиция бөліміне Мұрат Құсайыновты жауапқа тарту және сотқа дейінгі тергеу жүргізу жөнінде арыз түсірді», - дейді әуекомпанияның баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!