Қыздың мұрнының ішінде 10 жыл бойы үлкен зат жүрген
Дәрігерлер науқастың мұрнынан ерекше зат тапты.
16:15 17.04.2019
Біріккен Араб Әмірлігінің дәрігерлері науқастың мұрнынан ерекше зат тапты. Ол 10 жыл бойы науқастың мұрнының ішінде жүрген. 15 жастағы қыз мұрнынан ағатын сұйықтыққа шағымданып, дәрігерге қаралады.
Мұрнынан қан ағатынын да айтады. Бұндай белгілер бірнеше жыл бұрын да болған екен. Рентген мен компьютерлік томографиядан мұрнының ішінде ірі зат тұрып қалғаны байқалды. Заттың үлкендігі соншалық оны ота жасау арқылы алуға тура келді, деп жазады stan.kz. Ота барысында науқастың мұрнынан ұзындығы 2 см болатын резина бөлшегі алынды. Бұл зат әбден иістеніп, сасық иіс шығарды. Отадан соң науқастың жағдайы тез оңалып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!