Полицейге 2000 теңге берген жүргізуші жарты миллион айыппұл төлейді
Қызылордада полиция қызметкеріне 2 мың теңге сыйақы бергені үшін көлік жүргізушісі енді 200 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл.
09:28 18.04.2019
Кентаулық тұрғын жол ережесін бұзғанымен қоймай, Қызылорда қаласының жол полицейлеріне хаттама толтыртпау үшін 2 мың теңге сыйақы ұсынады. Сақшылар көлік жүргізушінің бұл әрекеті туралы тиісті органға хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті полицейге сыйақы берген Кентау қаласының тұрғынына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676-бабы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданады.
«Бүгінгі таңда азамат Е.К-ға сот қаулысымен екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды. Мұндай әкімшілік іс Қызылорда облысында алғаш рет қаралып отыр. Пара немесе заңсыз сыйақы алушымен қатар, оны беруші де қатаң жауапкершілікке тартылады», - деді департаменттің бас маманы Мұрат Ысқақов.
Аталмыш айыппұлдың көлемі 500 мың теңгеден асады. Егер сыйақы көлемі 2 АЕК артық болатын болса, онда ол пара ретінде бағаланады. Мұндай келеңсіз іске жол берген азаматтар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!