Өскемен мен Семейде қар жауып, сабақ тоқтатылды
Өскемен мен Семейде ауа райына байланысты 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тотатылды.
10:55 18.04.2019
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен және Семей қалаларының мектептерінде сабақ тоқтатылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қос қаладағы мектептердің бірінші ауысымындағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған. Бұл туралы ШҚО ТЖ департаменті мәлімдеді.
Департамент таратқан таратхан хабарламада, оқудың тоқтатылуына қар және ауа температурасының төмендеуі сондай-ақ желдің жылдамдығы 12 м/с дейін артуы себеп болғаны айтылады. Қазір Өскемен қаласында қардың соңы ақ-түтек боранға ұласты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!