Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды
Оралда жоғалған Жанаргүл Нұрғазиеваның мүрдесі табылды.
12:01 18.04.2019
Орал қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, марқұмның мүрдесі түнде табылған. Қазіргі кезде оны өлтірген күдікті анықталып, ұсталды.
«Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Н.Бисенов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда із-түзсіз кеткен Жанаргүл Нұрғазиеваның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!