{metadescription}
Автобус аударылып, 29 адам мерт болды

Автобус аударылып, 29 адам мерт болды

Португалиядағы Мадейра аралында туристер мінген автобус аударылып, кем дегенде 29  адам қайтыс болды.

Португалиядағы Мадейра аралында туристер мінген автобус жол апатына түсті. Салдарынан 29 адам мерт болып, тағы 27-сі зардап шеккен. Қаза болғандардың барлығы Германиядан келген туристер екен.

Қайғылы оқиға сәрсенбі күні аралдың оңтүстік жағалауында орналасқан Санта-Круш қаласында болған. Автобус жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған. Жергілікті БАҚ көлік ішінде ең кемі 51 адам болды деп хабарлап жатыр.

Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция болжамы бойынша жүргізуші бұрылыста басқаруды игере алмаған және тежегіш істен шыққан деген тұжырымдар да бар. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, үйлердің үстіне аударылған. 
Трагедиядан кейін Мадейра үкіметі үш күндік қаралы күн жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде