Ақтауда ер адам пәтерінен оқ атты
Ақтауда ер адам өз пәтерінен автоматтан оқ атқан.
08:41 19.04.2019
Ер адам Instagram желісінде автоматтан оқ атып жатқан видео жариялап оның сипаттамасында былай деп жазды:
"Көңіл күйің нашар кезде, іштегіні осылай шығару керек".
Видеодан ер адамның Калашников автоматынан басында біреулікпен атып, сосын кезегімен атақанын көруге болады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ер адамды тауып, үйінен қару-жарақтарды тәркіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім етті. Оқиға 16 сәуір күні сағат 21:45-те 32Б шағынауданында болған.
«Үйін тінту кезінде патрондары бос Калашников автоматы, жарық және дыбыстық сүйемелдеуі бар Макаров тапаншасы, пневматикалық винтовка табылып, тəркіленді. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деді департаменттен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!