Атырауда полиция адамға оқ атқан
Атырауда полиция адамға оқ атқан Мақат ауданының екі тұрғынын іздеп жатыр.
09:55 19.04.2019
Әлеуметтік желіде таралған хабарламаға қарағанда, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне 1986 жылғы ер адам түскен. Оның сол иығына бытырамен оқ атып, жарақаттаған.
Жарақаттанған ер адам - Мақат ауданының тұрғыны. Осы қылмысты жасады деген күдікпен осы ауданның 1973 және 2002 жылғы тұрғындары іздестіріліп жатыр. Адамды жарақаттау фактісі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тіркеліміне тіркелген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!