Қазақстан боксшылары әлі басталмаған Азия чемпионатында екі медаль ұтты
Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионаты басталмай тұрып екі медальға қол жеткізді.
10:33 19.04.2019
Жеребе қорытындысы бойынша, екі боксшымыз турнирді жартылай финалдан бастайды. Демек, олардың еншісінде кем дегенде қола медаль бар.Әлі басталмаған турнирдің жүлдегері атағын Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева еншіледі: екеуі де алғашқы кездесуінде жеңіліп қалса да, Қазақстанға жүлдемен оралады.
Жеребе қазақстандықтар боксшылардың алдағы чемпионаттағы қарсыласын нақтылап берді:
48 келіге дейін (20 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал
Алуа Балқыбекова - Чорон Бак (Корея)
51 келіге дейін (21 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал
Назым Қызайбай - Ферангиз Хошимова (Өзбекстан)
54 келіге дейін (20 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал
Дина Жоламан - Фахима Алфаки (БАӘ)
57 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал
Сәния Сұлтанқызы - Мижгона Самадова (Тәжікстан)
60 келіге дейін (21 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал
Римма Волосенко - Нур Сабрина Бинте Мох Файзал (Сингапур)
64 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал
Милана Сафронова - Идимох Холова (Тәжікстан)
69 келіге дейін (22 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал
Дариға Шәкімова - Эрденетуйя Енхбаатар (Моңғолия)
75 келіге дейін (23 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал
Ақерке Бақытжан - Киан Ли (Қытай)
81 келіге дейін (25 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/2 финал
Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)
81 келіден жоғары (25 сәуірде кешкі сессияда) - 1/2 финал
Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)/Сима Поониа (Үндістан)
Айта кетейік, бокстан Азия чемпионаты бүгін, 19 сәуірде басталады. Ал финал жекпе-жектері 26 сәуірде өтеді.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!