Ақмола облысында 4 адам жертөледе уланып қайтыс болды
Ақмола облысында Тәжікстанның төрт азаматы бұзылған картоптың иісіне уланып көз жұмды.
13:22 19.04.2019
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 18 сәуір күні шамамен кешкі сағат жетілерде Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Державин қаласында болған. 1971, 1975, 1981 жылғы үш ер адам және 2002 жылығы бозбала жер үйдің жертөлесіне картоп алмақ боп түседі.
Үш ересек адам сол жерде қайтыс болса, бала ауруханада көз жұмған. Бақилық болғандардың барлығы Тәжікстан Рсепубликасының азаматтары. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға шіріген картоптың иісі себеп болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!