Виталий Худяков Азия чемпионатыда алтын медаль алды
Бүгін, 19 сәуір күні Кувейтте ашық суда жүзуден Азия чемпионаты бастау алды.
19:28 19.04.2019
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық Виталий Худяков алтын медальді иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. Бес шақырым қашықтықта өнер көрсетуі Худяковқа жеңіс әкелді.
Екінші орын жапониялық спортшыға бұйырса, үздік үштікті қытайлық жүзгіш қорытындылады. Тағы бір қазақстандық спортшы Лев Черепанов мәреге төртінші болып келді. Айта кетерлігі, ертең 10 шақырым қашықтықта жүзуден жарыс өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!