Отандасымыз Азия чемпионатында ауыр атлетикадан қола медаль алды
Ауыр атлет Арли Чонтей Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медальді алып келді.
08:42 21.04.2019
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа және сілке көтеруден 246 (113+133) келіні еңсеріп, қола медальға ие болды. Жұлқи көтеруде оның нәтижесі екінші болды.
26 жастағы Чонтей Азия чемпионатында алғаш рет медаль жеңді. Спортшы 2018 жылы әлем чемпионатында "күміс", ал 2017 жылы Универсиадада "қола" алған. Ал 2016 жылғы Олимпиадада төртінші болған. Азия чемпионаты бүгін, 20 сәуірде басталды. Қазақстан құрамасында Илья Ильин бар.
Дереккөз: Vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!