{metadescription}
Жамбыл облысында автобус аударылып, 11 адам қаза тапты

Жамбыл облысында автобус аударылып, 11 адам қаза тапты

Жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы - Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Осы сәтте жолмен келе жатқан жолаушылар автобусы осы көліктермен соқтығысудан қашып, салдарынан жол шетіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов және облыстық полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары келіп жеткен. 

Құтқару жұмыстарына 50 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында жедел жәрдем станциялары мен санавиацияның тікұшағы бар. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен шұғыл штаб құрылып, Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі жұмыс істеп тұр. Қылмсытық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша іс қозғалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде