Апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар
Алматы-Ташкент тас жолында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар.
16:49 20.04.2019
«Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол апатында оқиға орнында 8 адам қаза тапты. 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның ішінде тағы үшеуі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасында қаза тапқан 11 адамның ішінде 7 - Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген зардап шегушілер арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы-Ташкент тасжолында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Қазір облыста жедел штаб құрылған. Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дерекккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!