{metadescription}
Жаңа туған нәрестенің қанынан алкоголь табылды

Жаңа туған нәрестенің қанынан алкоголь табылды

Литвадағы Клайпедский университетінің ауруханасында "мас" нәресте дүниеге келген.

Оның қанында төрт промилле алкоголь болды. Баланың 35 жастағы анасы ауруханаға мас күйінде түскен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір әйелдің жағдайы қалыпты. Алайда нәрестенің денсаулығына байланысты нақты болжам айтылмай отыр. Өйткені оның қанындағы алкогольді шығару үшін бірнеше апта қажет. 40 жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрғанын айтады.

"Әдемі қыз бала дүниеге келді. Салмағы – екі жарым келі. Бәрі жақсы. Алдағы уақытта жағдайы қалай болатыны әлі белгісіз ", - дейді дәрігерлер.

Олар 2,5 промилле алкоголь, тіпті, ересек адам үшін мастанудың өте жоғары деңгейі саналатынын айтады. Ал төрт промилле болса, адам жүрегіне зақым келуі мүмкін.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде