Қарағандыда ұшақ апатынан 2 адам көз жұмды
Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады.
18:14 21.04.2019
Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.
«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша 2 адам (экипаж) көз жұмған. Аталған авиациялық апат бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!