Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея президентін қарсы алды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Инді салтанатты түрде қарсы алды.
12:23 22.04.2019
Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен екіжақты кездесу өткізіп жатыр. Алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін екі елдің әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр.
Кеше Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин Алматыға барып, корей диаспорасымен кездесіп, театр қойылымын тамашалаған болатын. Ал Нұр-Сұлтан қаласына кеше келді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Корея президенті сапар аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулер өткізетінін хабарлаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!