{metadescription}
Із-түссіз кеткен қостанайлық өлі табылды

Із-түссіз кеткен қостанайлық өлі табылды

2019 жылдың 25 наурызынан бастап іздеу салынған Қостанай қаласының тұрғыны Талғат Есеевтің денесі табылды.

Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

«13 сәуір күні Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінде жертөле қабатынан Есеевтің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Оның неден көз жұмғанын анықтау үшін қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынған. Айта кетсек, 2019 жылдың 25 наурызында Талғат Есеевтің әпкесі полицияға шағым түсіріп, үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған ағасын табуды сұраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.