Танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
Актриса Алена Яковлева басынан өткен жантүршігерлік оқиғаны айтып берді.
14:22 22.04.2019
Ресейдің халық әртісі Алена Яковлева НТВ арнасындағы "Секрет на миллион" бағдарламасына берген сұхбатында өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты. Актрисаның айтуынша, бір күні тәтесінің үйіне барып келу үшін жолшыбай көлік ұстайды. Автода екі жігіт отырған. Олар әртісті межелеген жеріне апарып салып, оны күтіп, қайтадан үйіне жеткізіп салуды ұсынады. Яковлева келісе кетеді, алайда қайтар жолда көлік оның үйіне тоқтамаған.
Әйелді ай даладағы үйге алып барады, онда тағы бір ер адам бар екен. Әуелі Яковлеваға ішімдік ұсынады, ер азаматтардың өзі сау болған, бірінің "түрі ұсқынсыз болған". Актриса тұрып, кетпек болып еді, оны жібермей қояды.
Сол сәтте әртіс айғайлап, көмек сұраудың еш көмектеспейтінін түсінеді – дымын шығарса, оны "ұрып-соғып, өлтіріп, бір шұңқырға тастай салар еді". Сол себепті ол: "Жақсы онда. Бірінші қайсың?" – деп сұрайды. Мұны естіген жігіттер бастапқыда абдырап қалыпты.
"Мән-жайын толығымен айтпай-ақ қояйын. Істейтіндерін істеді", - деді Яковлева.
Бір қызығы, жәбірленушінің айтуынша, ер азаматтар оны зорлағаннан кейін үйіне жеткізіп салыпты. Актриса көліктің нөмірін есте сақтамаған, ата-анасына да, құқық қорғау органдарына да болған жайтты айтпайды. Яковлева бұл оқиғадан үлкен сабақ алған.
"Мені Жебеуші періште мен Құдай сақтап қалды", - дейді әртіс.
Алена Яковлева — Мәскеу академиялық әзіл-ысқақ театрының актрисасы, Кеңес Одағының халық әртісі Юрий Яковлевтің қызы. Юрий Яковлев "Ирония судьбы или С легким паром", "Иван Васильевич меняет профессию", "Гусарская баллада" басты рөлдерді сомдаған.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!