{metadescription}
Елбасы президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

Елбасы президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

Нұр-Сұлтанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезі өтіп жатыр.

"Nur Otan" партиясынан алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түседі. Бұл шешім туралы съезде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Еліміздегі басқа да саяси партиялар ертеңнен бастап бірінен соң бірі президенттікке кандидаттарын ұсына бастайды. "Ақ жол" партиясының съезі 24 сәуірде өтсе, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы 25 сәуірде жиналады. Қазақстанның коммунистік халық партиясының делегаттары 26 сәуірде бас қосады. Ал "Бірлік" партиясы уақыт тапшылығына байланысты сайлауға қатысудан бас тартты.

Ол съезд қатысушыларына Тоқаевты қолдауға шақырды.

"Мен оны қаншама жылдан бері білемін. Еліміздегі жоғарғы лауазымға кандидат атануға ең лайықты адам деп есептеймін", - деді Назарбаев.

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде