Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді
Ер адам мас күйінде әйелін өлтіріп, ұлын жаралаған.
15:24 23.04.2019
Қанды оқиға Қазығұрт ауылында 13 сәуір күні болған. Алкогольді ішімдікке тойып алған күйеуі балаларымен бірге түскі ас ішіп отырған әйелімен жанжалдасып қалған. Ашуға мінген ер адам асхана пышағын әйелдің бүйірінен тығып алған. 25 жасар ұлы анасына араша түспек болғанымен, ол да жарақат алды.
Мас әкесі өз ұлына да пышақ сілтеген, ал ұлы қашуға ұмтылғанда қуып жетіп, күрекпен төпелеген. Ашуға булыққан әкені көршісі тоқтатқан. Әйелі мен ұлына пышақпен шабуылдаған ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша әйел ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Күдіктіні полицейлер сол күні құрықтады. Күдіктіге ҚР ҚК нің 99 бабы «адам өлтіру» бойынша айып тағылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!