Ақтөбеде полицей адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен
Жол-көлік оқиғасы 15 сәуірде шамамен 00:30-да Рысқұлов даңғылының бойында болған.
15:47 23.04.2019
Авто жүргізушісі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан 55 жастағы әйел сол жерде қайтыс болған.
"Полиция қызметкерлері автокөліктің бөлшектері арқылы автоның маркасын және түсін анықтады. Осы ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын егжей-тегжейлі тексеру кезінде жеке автокөліктің мемлекеттік нөмірі анықталды. 17 сәуірде жедел іздестіру барысында 41 жастағы полиция қызметкері ұсталды. Қылмыс деп мойындалған фактілердің нәтижесінде жазатайым апат жасаған жүргізуші тергеу изоляторына орналастырылған", - деді полиция өкілдері.
Қылмыс жасаған полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!