Тоқаев бүгін қазақ тілінен емтихан тапсырады
"Нұр Отан" партиясы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжаттарын өткізген.
16:23 23.04.2019
Хабарланғандай, бүгін мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау үшін, лингвистикалық комиссияның отырысы өтеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға қатысуға келісетіні туралы өтініш, биографиялық мәліметтері мен басқа да құжаттарының көшірмесін тапсырды.
Айта кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 23 сәуірде Nur Otan партиясы қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!