Қостанайда ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды
Қарасу ауданындағы бұзылған ғимараттардың бірінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды.
18:31 23.04.2019
«Баланың анасы арбада отырады. Жүкті әйелдер тізімінде болмаған. Аула аралап тексеру кезінде ол жүктілігін айтпаған. Сәбидің денесі табылған соң анасы анықталып, ол тиісті емдеу шараларынан өтті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер сәби 2019 жылғы 28 наурызда көз жұмғанын растап отыр. Қазір осы факт бойынша соталды тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!