{metadescription}
Головкин мен Роллс көз арбасты

Головкин мен Роллс көз арбасты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) екінші рет баспасөз мәслихатын өткізді.

Головкин 8 маусым күні «тамаша шоу» сыйлайтынын тағы да атап өтті, сондай-ақ Роллсты қарсылас ретінде таңдауы кездейсоқ еместігін тілге тиек етті.

«Стив осы жекпе-жекке лайықты. Меніңше, ол осы жекпе-жек үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған бірден-бір боксшы болды, сондықтан да осы жекпе-жекті алды», - деді Головкин.

Роллс, өз кезегінде, жекпе-жекте жеңіске жету үшін де қолынан келгеннің бәрін жасайтынын жеткізді. Баспасөз мәслихатынан кейін Головкин мен Роллс дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Олардың жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде