Қостанайда пәтер ұрылары ұсталды
Қостанай қаласында 5 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды.
14:07 24.04.2019
Осы жылдың сәуір айында Қостанай қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны жүгінген.
«Олар пәтерлеріндегі ақша қаражаты, тұрмыстық техника мен алтын бұйымдарының ұрланғаны туралы арызданған. Жалпы шығын 3 миллион теңгені құрады. Ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу барысын Полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Солтүстік» полиция бөлімінің қызметкерлері 37 және 38 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта күдіктілер Рудный қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!