Даяшы клиенттердің банк картасының мәліметтерін жазып алып, ақша ұрлаған
Елордада мейрамханаға келушілердің банк картасынан ақша ұрлап жүрген күдікті ұсталды.
15:37 24.04.2019
Ол сол жерде даяшы болып жұмыс істеген. Қаланың 4 тұрғыны полицияға жүгініп, банк картасынан ақша ұрланғанын айтқан. Жедел іздестіру шараларының барысында 22 жастағы жігіт ұсталды. Ол қаладағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеп, клиент POS-терминалдың көмегімен төлем жүргізгенде оның банк картасының мәліметтерін жазып алып жүрген. Мұнан кейін мәліметтерді пайдаланып, интернет-банкинг арқылы ақша ұрлаған.
«Күдікті өз әрекетін мойындады. ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағына (Ақпарат жүйесіне заңсыз қол жеткізу арқылы ұрлық жасау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді полициядағылар.
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіндегілер тұрғындарды банк картасы туралы мәліметтерді, құпия кодты, CVV-коды мен бір реттік құпия кодты ешкімге бермеу шақырды, деп жазады stan.kz. Сонымен қатар POS-терминал арқылы төлем жүргізгенде мұқият болуға кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!